Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шара
Бүгін Павлодар қаласының № 30 ЖОББМ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік іс-шарада 5,7,9 сынып оқушылары белсенді қатысып, жоғары шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мектеп директоры оқу және тәрбие саласында жақсы еңбек атқарған ұстаздарды және мектептің көркеюіне үлес қосқан қызметшілерді алғыс хатпен, қалалық олимпиадада орын алған оқушыларды мадақтау қағазымен марапаттады.
Ерекше атап өтсек, математика пәнінің мұғалімі Р.Ш. Нұрпейсова республикалық деңгейде мадақтау қағазы және медальға ие болса, музыка пәнінің мұғалімі Қ.Н. Шанов қалалық білім беру бөлімінің мадақтау қағазына ие болды. Құттықтаймыз!