Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Соғыс ардагерлері" атты ерлік сабағы
05-12-2016 04:41
5 желтоқсан күні мектебімізде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Соғыс ардагерлері" атты ерлік сабағы өтті. Сабақ қонақтары - "Панфиловшылар" зерттеу отряд басшысы Утепов Бақытжан Қырықүшұлы және Ауған соғыс ардагері Смағұлов Махмет Қатайұлы. Ерлік сабағына 9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға шақырылған қонақтар, мектеп кітапханашы Иутина Г.В., АӘД мұғалімі Идрисов А.Ж. баяндамаларын оқыды. Оқушылар мен қонақатр арасында "Отан деген не?", "Патриотизм деген не?" проблемалық сұрақтар талқыланды.