Бүгін біздің 5"Б"- сынып оқушылары А.Ж.Ыдырысовтың басшылығымен көршіміз МӨСБ-1қонақта болды. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері балаларды жылы қарсы алды. Оқушылар техникалармен, өте қауіпті әрі мәртебелі мамандық иелерімен танысты. Оқушылар мектепке шабыттанып, ұлдар мамандыққа қызығып қайтты. Енді біздің оқушыларымыздың арасында жас өрт сөндірушілер оқып жатыр. Көршілерге ержүректілік пен батырлық туралы берген ашық сабағы үшін рахмет!