Кеше біздің мектепте мектеп президентін сайлау өткізілді. 4 оқушы мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша бағдарламаларын ұсынды. Олар: 9-10-сынып оқушылары Слямова Диана, Мозолевский Владимир, Көкішев Батырхан, Иляшева Анара. Педагогикалық және оқушылар құрамы дауыстың көп бөлігін 9 "а"-сынып оқушысы Слямова Дианаға берді. Жеңісімен құттықтаймыз. Премьер-министр болып 9"б"-сынып оқушысы Мозолевский Владимир тағайындалды. Алда президентті ұлықтау рәсімі өткізіледі. Дайындалып жатырмыз!!! Мықтыларды өте жауапты лауазымға ие болғандарымен құттықтаймыз!!!