«Тәуелсіз ел – бақытты ел» атты танымдық -патриоттық іс-шарасы
Күзгі демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай, 2016 жылғы 31 қазанда 7 «Г» сыныпта «Тәуелсіз ел – бақытты ел» танымдық -патриоттық іс-шарасы өтті. Мақсаты: оқушыларды еліміздегі тәуелсіздік, бейбітшілік пен келісім сияқты құндықтарын бағалау білу және оларды сақтай білуге үйрету, азаматтық пен отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, тәуелсіздігін нығайту. Оқушыларға әдемі слайдтар көрсетілді және осы жылдарында Қазақстанның тәуелсіз, бақытты мемлекет болғанын айтылды. Балалар уақытын пайдасымен өткізіп, өздеріне көп жаңа, қызықты мәлімет алды.