Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Дулат Бабатайұлы – дауылпаз ақын
08-10-2016 05:39
Дулат Бабатайұлы  – дауылпаз ақын

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының қазылар алқасының шешімімен 2016 жылы Қазақстанда жалпы оқылатын басты кітап ретінде ХІХ ғ. атақты қазақ ақыны Дулат Бабатайұлының шығармалары танылды.

3-8-10-16

Соған орай мектебімізде 10-11-сыныптар аралығында 5 қазанда дауылпаз ақынымыз, турашыл, өткір тілді, тілге шешен жыршы, жырауымыз Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған «Дулат – дауылпаз ақын» атты пресс-конференция өткізілді. Іс-шараға қатысушылар ақын туралы «2016 жыл кітабы – Өсиетнама» атты бейнеролик тамашалады. Сонымен қатар, оқушылар өздерін бір сәт жазушы, ғалым, композитор, тілші ретінде сезінді. 11-сынып оқушылары: «профессорлар» Қуатов Әлішер мен Қажымұратұлы Алмас, «жазушы» Даут Күнтай, «композитор» Жексенби Жәния ақын шығармашылығы мен өмірін зерттеп, талқылады . 10-11-сынып оқушылары: «Хабар» телеагенттігінің, «Жас алаш» газетінің, ұлттық «Қазақстан» ұлттық телеарнасының, Ресейдің «НТВ» арнасының , АҚШ-тың «STAR» арнасының «тілшілері» ашық сұхбат өткізді. Яғни, ақын туралы, туындылары жайында сұрақтар қойды. Ресейден келген тілші орысша сұрақтар қойса, АҚШ-тан келген тілші ағылшын тілінде сұрақтар қойып, аудармашылар қазақ тіліне аударып отырды. Соңында оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Өздері ұйымдастырып өткізген конференция оқушылардың көңілдерінен шығып, ризашылықтарын білдірді.

img-20161006-wa0021 2-8-10-16