Қазіргі таңда мектебімізде тілдер айлығы өткізіліп жатыр. Тілдер айлығы өткізу барысында қыркүйектің 23-ші жұлдызында 4 «А» және 4 «Б» сынып оқушыларының арасында ағылшын тілінде “The wooden house” атты көрсетілімі қойылды.
![24-1](/media/img/blogs/462211193.jpg)
Көрініс кітапхананың оқу залында өткізілді. Басты кейіпкерлердің рөлінде Лаура – тышқан, Айнура – бақа, Тумара – түлкі, Томирис - қасқыр және Мансур – аю кейіпкерін сомдады. Әртістің қабілетін жоғары дәрежеде көрсете білген 4А, 4Б сынып оқушыларына мақтау қағазы ұсынылды.
![24-3](/media/img/blogs/1644018513.jpg)
Балалар қызығушылықпен қатысты. Әр бала өз рөліне еніп, тамаша ойнап шықты. Көрермен ретінде пән мұғалімдері, кітапханашы, бастауыш сынып оқушылары қатысты.
![24-4](/media/img/blogs/793800418.jpg)