Павлодар қаласының № 30 жалпы орта мектебінде 5 - 10 қыркүйек аралығында Мемлекеттік тілге деген құрмет пен оның мәртебесін көтеру мақсатында «Тілдер керуені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар назарына ұсынылды.
Қазақтың ақын-жазушыларының еңбектері насихатталып, кітап-адамның рухани қазынасын байытатын бірден-бір құрал екендігі оқушыларға айтылды. Оқушыларға тілдің мәртебесі жайында мағлұматтар берілді. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қазақтың ұлттық құндылықтарына оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, басқа да материалдармен көрмені толықтырды. Бұл көрменің мақсаты: ана тілінің қоғамдағы алатын орны туралы айтып жеткізу, туған тілін, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, әр ұлттың тілі мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар шара барысында қызығушылықтарын көрсетіп, белсенділік танытты.