Биыл мектебімізде, ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен көрнекті ақын Дулат Бабатайұлының шығармашылығына «Бір ел - бір кітап» атты республикалық акциясы арналып отыр. Бүгінгі күні мектебіміздің кітапханасында ауқымды іс-шаралар легі басталып кетті. Мектебіміздің оқушылары да аталған акцияға өз үлесін қосып, «Азаттық жырының ақтаңгері» атты әдеби-поэтикалық кеш ұйымдастырды.
2007-ші жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан республикалық акцияның биылғы жылы Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналуы тегіннен-тегін емес. Ол - ХІХ ғасырдың басында қазақ поэзиясына жаңа қалып, соны мазмұн әкелген жаңашыл әрі өткір тілді ақын. Туындыларының басты тақырыбы – отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсетіп, батырлықты, елдікті, адамгершілікті дәріптеу. Сондықтан, ақын шығармаларының жас ұрпаққа берері мол.
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі: Г.Ә.Қалымова