Тілдер айлықтың шеңберінде, 2016 жылғы 7 қыркүйекте № 30 мектепте «Қазақша сөйлесейік!» акциясы өтті. Таңертең, сағат 8.00-де қауымға сөздік парақшалар таратылды. Мектеп мұғалімдер, оқушылар және ұжым қызметкерлер, әсіресе өзге ұлт адамдар асханада, кітапханада, қабылдау бөлмесінде қазақ тілінде көп сөйлеуге тырысты. Осындай іс-шаралар, акциялар өткізіп, өзге ұлт өкілдерін қазақша сөйлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеуде аталған іс-шаралардың алатын орны зор деп ойлаймыз. Іске сәт! Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі А.Н. Құдашева.