Балауса балғын шаққа «қош» дегізіп, соңғы қоңырау сыңғыры, қағылған өмірдің күмбіріндей мектеп бітіруші түлектерге ерекше әсер қалдырды. Еліміздегі барлық білім ордаларында соңғы қоңырау соғылып, үлкен өмірдің табалдырығын аттаған түлектер үшін оңай болмады. Күні кеше ғана кішкентай балақандар, енді мектеп партасымен мәңгілік қоштасып, үлкен өмірге қанат қағар алдында тұр.
Мектебімізде «Соңғы қоңырау» мерекесі мектеп директорының құттықтау сөзінен басталды. Үздік оқушылар мадақтамалармен марапатталды. 4 және 9 сынып түлектері мектеп вальсін биледі. 1 сынып оқушылары тақпақтарын жатқа айтты.
Соңғы қоңырау – балалық шақ және уайымсыз мектеп жылдарымен қоштасу мейрамы. Енді, бұралаңы бұра тартатын, салқыны көп үлкен өмірге қадам баспақ. Мектеп бітіруші түлектерге сәттілік, ақ жол тілейміз!