Мектебімізде «Жасыл мектеп» бағдарламасы аясында мектеп іші мен ауласын көгалдандыру, гүл мәдениетін дамыту арқылы оқушыларды табиғатты аялап, қастерлеуге үйретіп, жауапкершілікті қалыптастыру міндеті қойылған. Көктем айы басталысымен, мектеп ауласында көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар өсімдіктермен жұмыс жасай отырып, оларды өсірудің қыр-сырын үйренеді. Осы жылы алғаш рет мектеп ауласында раушан гүлі отырғызылды. Раушан гүлі мектеп ауласына ерекше сән береді. Оны осындай ыстық пен желді жерде өсіру өте қиын болғандықтан көп еңбекті және жүйелі күтімді қажет етеді. Жаз мезгілінде әр сынып оқушылары өздеріне бөлініп берілген жер телімін арнайы белгіленген кесте бойынша суарып, арам шөптен тазартып, баптау жұмыстарына атсалысады. Оқушылар өздерінің өсірген гүлі мен ағашына қамқорлық жасай отырып, өсімдіктерді тани алады және бос уақытын зая кетірмейді, басқа зиянды әдеттерден өзін қорғайды және психологиялық жағынан өзіне сенімділігі молаяды.
«Жасыл мектеп»