«Қош бол бастауышым!»
Мектепте «Қош бол бастауышым!» атты 4-сынып оқушыларының бастауышпен қоштасу кеші болып өтті. Мектеп табалдырығын алғаш аттап, 1-сыныпқа көздері мөлдірей келген кішкентай бүлдіршіндер өмірге деген өз көзқарастары қалыптасып, өсіп, жетіліп орта буынға өтіп отыр. Төрт жылда білім нәріне терең сусындап, сауаттанды. Ұстаздарына және ата-аналарына деген ыстық ықылас, лебіздерін өлең жолдарымен, би билеп, сызылта ән шырқап жеткізді. Балалардың жүзінен қуаныш нұры төгіліп тұрды. Кеш соңында Алыбай ақсақал балалардың өнеріне дән риза болып, «Өнерлерің үстем, келешектерің көркем болсын, жолдарың ашық» деп ақ батасын беріп, балаларға тәрбие мен білім бергені үшін ұстаздарына мың алғыс айтты.