Павлодар қаласы № 30 ЖОМ ата-аналар жиналысы өткізілді. «Отбасы бақыты» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: отбасындағы тәрбие және мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз қарым – қатынасты күшейту.
Алдымен ата-аналармен ынтымақтастық ахуал туғызу мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Р.А.Искакова жиналған ата-аналарды ән сөздерінің үзінділерін тарата отырып, музыка әуенімен қимылдап, топтарға бөлді.
Топтарға жиналған ата-аналар бір-бірлеріне жылылық , сәттілік тілеп, танысып шаттық шеңберіне тұрды.
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.
Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.
«О» - әріпіне ұқсайды деп, ата-аналар , «О» - әрпінен басталатын сөздер айтты, жылы сезімдерін білдірді. («Отан», «Отбасы» т.б.)
Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесініңең алғашқы ұжымы. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. да мінсіз отбасы сияқты түсінік бар.
Осылайша жиналыс тақырыбын ашты.
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі қаншалықты? деген сұрақ –жауаптар қойылып, «Сиқырлы сандық» ойыны арқылы ата-аналар пікірлері тыңдалды, топ ішінде талқыланды.
Тақырыпқа байланысты «Бала тәрбиесі» атты бейне фильм көрсетілді.
Келесі кезекте топтық жұмыстар орындалды.. (ватман мен маркерді дайындалды)
1 топ «Мінсіз отбасы» дегенді қалай түсінесіз?
2 топ «Мадақтау, ынталандыратын сөздер, екінші жағына ұрысатын сөздерді жазу»
3 топ «Сіздің балаңыз сізді таңқалдырды деп елестетіңіз. Сіздің жауабыңыз қандай болады?
талдау жасалынады,ата-аналарға өздері үшін қорытынды жасау ұсынылды....)
Ата-аналар кезексесе отырып, ортаға шығып, өз ойларын дәлелдеді.
Топтық жұмыстың әрі қарай бірлесе, белсенді жалғасуы мақсатында «Құбыр» ойыны ойнатылды. Ойынға барлығы қызығушылық танытып, қатысты.