Білгенге маржан.
Мектебімізде кезекті коучинг-сессия болып өтті. Түрлі – түске безендірілген столдар жылдың төрт мезгілін анықтап тұр. Көздің жауын алар түстер мен гүл шоқтары есіктен кірген бетте мұғалімдердің көңіл күйін көтеріп жіберді. Сол көтеріңкі көңілмен «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» және «АКТ-ні сабақта пайдалану» атты коучингіміз өтті. Іс-шара бастан аяқ ізденушілікке, тапқырлыққа негізделіп, түрлі пайдасы мол тапсырмалармен толықтырылды. Арасында шаршаған ұстаздарды жадырататын «Әуенді анықта» сайысы да өткізіліп, ән де айтылды. Оқушыларды оқуға жұмылдыру, сабаққа деген қызығушылығын арттыратын бағалаудың түрлерін ұстаздар практикалық жұмыстарда көрсете білді.