Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«І қалалық жас ұстаздар форумы»
28-04-2016 02:25
«І қалалық жас ұстаздар форумы»

IMAG2986 IMAG3011 IMAG3021№24 жалпы орта білім беру метебінде «І қалалық жас ұстаздар форумы» өтті. Форумға біздің мектебіміздің ағылшын тілі мұғалімі Текжанова Н.К., өзін-өзі тану мұғалімі Оспанова Д.Қ., математика мұғалімі Тайлакова А.Р., информатика мұғалімі Зарипбаева А.Т. қатысты.

Форум қатысушыларды тіркеуден басталды. Тіркеуден кейін барлық келген қонақтарға мектептің соғыс даңқы мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы, оқушылар және ата-аналар мұражайға Ұлы Отан соғысы туралы көптеген ақпараттарды жинады. Олардың ішінде ордендер, орден және медальдардың куәліктері, фронттық хаттар.

Форумның пленарлық бөлімін «Болашақ жастар үшін» мұғалімдердің қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Сабира Шакеновна Сеитова бастады. Форумның арнайы қонақтары педагогикалық еңбек ардагерлері Зара Кабдешовна Кажахметова және Мария Николаевна Филинская сөз сөйледі.

Жас ұстаздарға арналған мастер класстар өткізілді.IMAG3036

1 алаң: Дөңгелек үстел «ЖУШ – жастық, уәждеме, шеберлік». Модератор КЖОМ тарих пән мұғалімі Кульжанов Г.К.

2 алаң: «Шет тілі сабағында жаңа технологияны қолданудың тиімділігі». Модератор Т.К.Сульбаев ағылшын тілі мұғалімі №24 ЖОМ.

3 алаң: Жас маманға қойылатын талап. «Мұғалім: шеберлік – азамат - жасампаз». Модератор И.О.Поляков – ОТЖДО, информатика пәні мұғалімі №34 ЖОМ.

4 алаң: «Жас келсе іске» жас мамандарға арналған психологиялық тренинг. Модератор С.М.Шәзінда - мектеп психологы №24 ЖОМ.

5 алаң: Коучинг «сыныптағы қызметін ұйымдастыру құралы ретінде эмоционалдық қолдау». Модераторлар Н.В.Копыльцова ҒӘЖДО, И.Г.Алексеева ОТЖДО, М.С.Магамедова ТЖДО №36 ЖОМ.

6 алаң: Психологиялық ойын-тренинг «таста да ағаш өседі». Модератор В.А.Улькина, О.Г.Камшук мектеп психологтар ЭБЖОМ №36.

7 алаң: «Мұғалім - басшы». Модератор М.В.Базаводова бастауыш сынып мұғалім № 24 ЖОМ.

Жас мамандарды марапаттау рәсімі «Жарқын болашақ жастардың қолында» мектептің спорт залында өтті. Мұғалімдерді қалалық білім беру басқармасының алғыс хаттарымен марапаттады. Мектеп ауласында жастар аллеясы отырғызылды. Форум флеш-мобпен аяқталды.