«Қайда оқуға барамын?», «Қандай мамандықты тандаймын?»
15-04-2016 02:13
"Кім болам?», «Қайда оқуға барамын?», «Қандай мамандықты тандаймын?». Міне осы сұрақтар қазіргі таңда барша мектеп түлектерінің санасында жүргені белгілі. Түлектерге дұрыс таңдау жасауға мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері барынша тырысады.Павлодар қаласының Техника-экономикалық колледжінің өкілдері мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларына өз колледж туралы агитация жүргізді.Бағдарламада колледж студенттері ТЭК туралы толық ақпаратты берді. Өздері оқитын мамандықтары туралы өлеңдер оқыды, әндерді орындады, би биледі. Агитациялық бағдарлама өте қызықты және керекті ақпаратқа толы болды. Колледж мұғалімдері колледжге қабылдау ережесімен, мамандықтардың біліктілік бойынша сипаттамасымен, оқу мерзімімен таныстырды.