Су- әрі жұмсақ, нәзік болса да, тауды қопарып жіберуге де күші жетеді демекші, судың пайдасымен қатар, адамға тигізер зияны да бар. Көктем мезгілі келіп , барша адам баласы қуанышты күй кешуде.
Бірақ күн жылына бастаса, оқушылардың су қаупі туралы білгендері дұрыс. Сол себепті, мектебімізде, әдеттегідей өтетін сынып сағатының тақырыбы да , «Жергілікті су қоймалары, қауіпті судан сақтану, суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелері» жайлы өтті.
Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың төтенше жағдайлар, оның ішінде қауіпті су жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру еді.Оқушылар суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, кездейсоқ су тасқыны, жаз мезгіліндегі суға шомылу жайлы өз білімдерін ортаға салды. Тақырыпқа байланысты сурет салып, қызықты өлең шумақтарын құрастырды , рөлге бөлініп, көрініс көрсетуге тырысты.
Сөз соңында әрбір жыл мезгілінің өз қызығы мен қаупі бар. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан абай болғанымыз жөн, дегім келеді.