№30 ЖОМ-да XVII қалалық Абай және Шәкәрім оқулары аясында мектепішілік оқулары өткізілді. Оқу үш номинацияда өтті: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп жатқа оқу сайысы, «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрім әндері мен күйлерін орындаушылар сайысы, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» жас ақындар сайыстары.
Әдебиет пәнінің мұғалімдері мен бастауыш сыныптың мұғалімдерінің басты мақсаты оқушыларды арнайы жасаған, бекітілген жоспарлары бойынша балаларды оқуға дайындап, мектепішілік деңгейінен өтіп, қала деңгейіне шығару болып табылады.
Мектепішілік Абай және Шәкәрім оқуларына мектептің 2-10 сынып аралығында 26 оқушы қатысты. Әр оқушының жаттағандары 20 өлеңнен асып жатыр.
Мектептің салтанатты залы Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлының шағын кітап көрмесі ұйымдастырылып, іс-шара интерактивті тақтада ақындар суреттері мен бейнефильм жүргізумен басталды. Ұлттық киімде киінген қос жүргізуші іс-шараның басын қошеметпен және Абай туралы шығарған өлең жолдарымен, сондай-ақ мың бұрала билеген «Қыздар» тобы әсем қазақ биімен ашты. Сайысқа қатысқан 26 оқушы сахнаға шығып, реттік номерлерін таңдап, өнерлерін көрсетті.
Мектептің директоры Ажар Төкенқызы Текжноваға оқушыларға сәттілік тіледі. Іс-шара сайыскерлердің өлеңдерін, әндерін тыңдап, әсем бимен жалғасты.
Кеш соңы марапаттау рәсімімен аяқталды. «Бас жүлдеге» - 3 «б» сынып оқушысы А.Қабдуахит (мұғалімі Б.Қ. Нұрғалиева) және 6 «б» сынып оқушысы Б.Сүлейменова (Э.Н.Жангожина) ие болды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша І орынды 5 «А» сынып оқушысы Ә.Илюбаева иеленді. ІІ орынға 3 «Б» сынып оқушысы Ә.Нұрлан және Ж.Рахметова (мұғалімі Б.Қ.Нұрғалиева), ІІІ орынға 7 «Б» сынып оқушысы К.Певнев және 1 «А» сынып оқушысы А. Өмірзақ иеленді. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 5 «А» сынып оқушысы М.Отыншина ІІІ орынға ие болды.