2015 жылы 29 желтоқсанда №30 мектепте «Жаңа жыл – 2016» мерекелік шарасы өтті. Мерекелік шараға 1-10 сынып оқушылары қатысты. 09.00 - 10.00 – оқыту қазақ тілінде жүретін 1-4 сынып оқушылары үшін; 11.00 - 12.00 – оқыту орыс тілінде жүретін 1-4 сынып оқушылары үшін; 14.00 – 18.00 – 5 – 10 сынып оқушылары үшін. Жаңа жылға арналған мерекелік шараға 12 жылдың кейіпкерлері: Мешін, Қой, Аяз ата, Ақшақар, Сиқыршы қатысып, балаларды ертегі әлеміне баурап әкетті. Кеш қызықты ойындар мен лотерея ойнатумен жалғасып, балалар өз сыйлықтарын алып, бимен аяқталды. Жаңа жыл құтты болсын!