Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)332662 87472724175
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 город Павлодар ул.Баян Батыра 27
директор: 8(7182)332660 приемная: 8(7182)332662
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Ежедневно 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Әліппе, саған мың алғыс!»
21-12-2015 07:05
«Әліппе, саған мың алғыс!»
2015 жылдың 21 желтоқсанында №30 мектептің 1 сынып оқушыларымен «Әліппе, саған мың алғыс»атты әліппемен қоштасу мерекелік шарасы ұйымдастырылды. 1 «А» сынып жетекшісі – Валеулина Алмагуль Муратовна. Алмагуль Муратовна 2015-2016 оқу жылы мектеп табалдырығын аттаған 25 баланың екінші анасы атанып, қолға қалам ұстатып, әріп үйрете бастады. Бірнеше айдың жетістігі ретінде бүгінгі өткен мерекелік шараға сынып ата-аналары, ұстаздар және қонақтар куәгерлер болды. Сынып оқушылары мен сынып жетекшісі ата-аналармен бірлесе отырып, «Әліппе әлеміне саяхат» атты қойылымнан бастау алып, мерекелік концертпен жалғасты. Кішкентай ғана бүлдіршін балапандар өз өнерлерін паш етіп, өлең оқып, би билеп, шақырылған қонақтарды тамаша әсерде қалдырды. Әліппе деген даңғыл жол, Апарар сені алысқа. Жеңіл емес ауыр жол, Тырысып бақ-намысқа. IMG_3080[1] IMG_3082[1] IMG_3083[1]Құрметті 1-сынып оқушылары, жолдарың ақ, басқан қадамдарың оң болсын, сәттілік тілейміз!