«Білгенге маржан»
![«Білгенге маржан»](/media/img/blogs/blogs_149156239.jpg)
6 қараша күні өткен қалалық оқушылардың ғылыми жобалар сайысының «Білгенге маржан» аталымынан ғылыми –зерттеу жұмысына деген шын қызығушылығы, мақсатқа жетудегі табандылығы мен білімге құштарлығы үшін жеңімпаз атанған мектебіміздің мақтанышы 9 А сынып оқушысы Ершенева Адель дипломмен марапатталып, облыстық оқушылардың ғылыми жобалар сайысына жолдама алды. Адельді де, оның ғылыми жетекшісі мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Накупова Бақыт Барашқызын да жеңістерімен құттықтаймыз.