Қаламызда кезекті «12 мектеп сәттері» атты қалалық фестивалі өтті. Бұл шараға ұстаздар, оқушылар, сондай-ақ мектеп директорлары қатысты. Мектептегі әр «сәт» қалалынң білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қосқан педагог ардагерлердің құрметіне арналған.№30 ЖОБ мектебінің ұжымы «Главней всего директор в школе» («Мектеп мәртебесі - директор») турына қатысты. Бағдарламада қажетті атрибуттар мен сәндік бұйымдар, музыкалық сүйемелдеу болды. Сайысқа қатысушылар мектеп директорының қасиетін әртүрлі формада аша алды.