Телефон доверия
8(7182)332662 87472724175
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 город Павлодар ул.Баян Батыра 27
директор: 8(7182)332660 приемная: 8(7182)332662
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Ежедневно 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Спасибо за вкусный обед в школьной столовой!
Голосовать
Блюдо очень вкусное! - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Балдаурен» сауықтыру лагері
16-06-2015 05:39
«Балдаурен»  сауықтыру лагері

IMAG8151 IMAG8183 IMG-20150609-WA0009 IMG-20150604-WA0000

Жыл сайын №30 мектеп қабырғасында оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында «Балдаурен» атты сауықтыру лагері жұмыс жасайды. Сонымен қатар орта сынып оқушылары үшін бейіндік отрядтар да бар. Олар: «Квант», «Шың», «Өлкетану», «Лингвист», «Қуыршақ», «Книголюб», «Арман» т.б. Бейіндік отрядтардың мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту, оқушылардың салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулықтарын нығайтуға жағдай жасау.

Бейіндік лагерь бағдарламасы балалардың қызығушылығы мен психологиялық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалды. Күнделікті шығармашылық шаралар дамытушылық түрде ұйымдастырылды, кештер, сайыстар,ток-шоу және мерекелер ұйымдастырылды, байқаулар, ойындар, тақырыптық күндерге байланысты мерекелер өткізілді. Атап айтсақ, мектеп психологы Оспанова Д.Қ. “Өзіңді-өзің таны” атты психологиялық тренинг өткізді. Оқушыларға түрлі тапсырмалар беру арқылы әрқилы жағдайлардан оңай шығу жолдары көрсетілді. Оқушыларға өте ұнады. «Қазынаны тап», «Болашақ қала», «Көңілді старт» т.б. сайыстар ұйымдастырылып өткізілді. «Қуыршақ» отрядының оқушылары бастауыш сынып оқушыларына арнап ертегі қойып берді. Мектеп аясында ғана шаралар өткізіліп қана қоймай оқушылармен қалалық саябаққа, кинотеатрларға, мұражайларға, табиғат аясында демалыстар ұйымдастырылды. Қорыта айтқанда, бейіндік жазғы лагерь жұмысының нәтижесінде балалар демалысын мәнді әрі мазмұнды, пайдалы, әрі әсерлі шаралармен тиімді ұйымдастырудың байыпты әдіс-тәсілдері жүйеленді.