"Мектеп -кеме, білім -теңіз" деп қазақ атам бекер айтпаған. Бүгін мектеп атты кеменің ескегін есіп көрген кез келген пендені бей-жай қалдырмайтын ұлы мереке. Бүгін алтын ұя мектебін бітіріп, бала шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған, жүректері лүпіл қағып,қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас күн.