6 а сыныпта «Абай дана, Aбай дара қазақта» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды Aбайдың шығармашығылымен терең таныстыру, жан-жақты тұрғыдан көрсету. Оқушылар Абайдың үш бағытты өлеңдерін айтты.
«Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Әсемпаз болма өрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» және аудармаларынан үзінділер оқылды.
10 а сыныбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Сабақтың мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны Абай өмірімен таныстыру. Абай шығармаларын оқып-үйренуге баулу.
Сабақтың тәрбиелік мәні: жаман әдеттерден аулық болуға, бойларына жақсы қасиеттер жинай білуге тәрбиелеу.
Көрнешіліктер: әр түрлі нақыл-сөз, мақал-мәтелдер, интерактивтік тақта (Абай туралы презентация).
Балалар тәрбие сағатын Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен аяқтады.