«Бауырсақ-шоу» көңіл көтеру-сайыс бағдарламасының ЕРЕЖЕСІ
«Бауырсақ-шоу» көңіл көтеру-сайыс бағдарламасының
ЕРЕЖЕСІ
Мақсаты: әр түрлі жастарды қызықтыратын форматтағы бағдарламаларды өткізу арқылы жастарды ұлттық мерекелерге, дәстүрлерге деген қызығушылықтарын арттыру, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, этникааралық келісімді нығайту.
Міндеттері:
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- өнерді, әдемілікті және табиғатты сүюге тәрбиелеу;
- мерекелік ортаны қалыптастыру, бір-біріне достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
Қатысушылар:
1. Көңіл көтеру-сайыс бағдарламасына 1-11 сынып оқушылары шақырылады.
2. Әр сыныптан қатысатын оқушылар саны: 2 (ұл мен қыз)
Қазылар: 5 адам
Бағалау: 5 балдық жүйе
Сайыс шарты:
Әр сыныптан бауырсақты ұсыну талап етіледі. Табақты ұлттық киімдегі ұл мен қыз ұсынады. Және ұлттық үстелдің әдемі безенділуі де ескеріледі.
Конкурстық материалдық дайындалуы алдын ала әзірленеді.
Бағалау критерийлері:
1. Ұлттық тақырыптың сақталуы
2. Шығармашылық, бірегейлік
3. Орындалудың шеберлігі
4. Косюмдер, шығармашылық безендіру
Конкурстың қорытындысы
Жеңімпаздарды анықтау, мақтау қағаздарымен, дипломдармен марапаттау, мектеп сайтында ақпарат енгізу.