Абай оқуларының жеңімпаздары марапатталды
![Абай оқуларының жеңімпаздары марапатталды](/media/img/blogs/58cbb0a842c67.jpg)
Ұлы ойшыл Абайдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында мектебімізде XVIII мектепішілік Абай оқулары болып өтті. Байқауға қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша IIІ орынды 5 «А» сынып оқушысы Алигожина Амина, ІІ орынды 5 «А» сынып оқушысы Солтан Сайданұр, І орынды 6 «А» сынып оқушысы Илюбаева Айгерим иеленіп, қалалық сайысқа жолдама алды. 6 «А» сынып оқушысы Илюбаева Айгерим XVIII қалалық Абай Құнанбаев оқуларының «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу аталымында жүлделі IIІ орынды қанжығасына байлады. Әйгерімді жеңісімен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындырып, білім шыңынан көрінуге тілек білдіреміз!