Телефон доверия
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Сәлеметсіздер ме, құстар!»
04-04-2017 02:46
«Сәлеметсіздер ме, құстар!»

Осындай ұранмен 4 сәуірде «Халықаралық құстар күніне» арналған іс-шара өткізілді. «Халықаралық құстар күні» - жыл сайын 1 сәуірде өткізілетін ерекше экологиялық мереке.


Бұл мезгілде құстарды қарсы алу үшін дәстүрлі түрде ұялар және басқа да әр түрлі «құстардың үйшіктері» жасалынатын. Ежелден келе жатқан ұя жасау дәстүрінің терең мағынасы бар: адам тек құстарға ғана көмек көрсетіп қоймай, сол арқылы өзі де табиғатқа жақындайды.


Бұл дәстүр біздің мектеп үшін жылдағы әдетке айналды. Бұл күні оқушылар мұғалімдерінің басшылығымен жазға ұшып келетін құстарға арнап ұялар орнатады. Ал 4 «в» сынып оқушылары «Сәлеметсіздер ме, құстар!» акциясының белсенді қатысушылары болды. Олардың көмегімен біздің қонақтарымызға қолайлы үйшіктер болатындай 10 ұя ілінді.
Төртінші сынып оқушылары сынып жетекшілері С.К.Мадияровамен бірге баршаңызды құстарға көмек көрсетуге шақырады!!!
Ұяларды ілу уақыты басталды!!! Тезірек ілу керек!!!