«Балауса» балалар шығармашылығы фестивалі
Бүгін жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы орталығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Балауса» балалар шығармашылығы фестивалінің жүргізушілер байқауының іріктеу туры өтті. Байқау бағдарламасында біздің 9 «а» сынып оқушылары, қөркем қыздарымыз Диана мен Жанар қатысты. Олар мектебіміздің жай ғана оқушылары емес, сонымен қатар жоғары сынып кеңесінің мүшелері!!! Мектеп қабырғасында олар көп концерттік бағдарламалар қояды. Бүгін қыздар өздерін үлкен сахнада сынамақшы болып, бақтарын сынады. Диана мен Жанар сахнада өздерін еркін ұстап, фестивальда біздің мектепті лайықты ұсына білді.
Тағатсыздана қорытындысын күтіп отырмыз!!!