Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодар кадет корпусы мен Павлодар техникалық сервис колледжінің мұғалімдері мен түлектерінің кәсіптік бағдар жұмысы
08-04-2017 09:45
Павлодар кадет корпусы мен Павлодар техникалық сервис колледжінің мұғалімдері мен түлектерінің кәсіптік бағдар жұмысы

Осы тоқсанда біздің түлектерді өмірлік ең үлкен және басты мәселе тұр: өзін-өзі айқындау және болашақ мамандықты таңдау. Осыған орай бүгін, яғни 8 сәуірде біздің мектепте Павлодар кадет корпусы мен Павлодар техникалық сервис колледжінің мұғалімдері мен түлектері өздерінің кәсіптік бағдар жұмысын жүргізді. Педагогтар өздерінің мекемелеріндегі оқуға түсу жағдайы, оқу мен орналасу жағдайы туралы айтты. 9 сынып алдында да кадет корпусының оқушылары сөз сөйлеп, өздерінің өмірі жайында және оқу мекемесінің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен келешегі жайында өз ойларын айтты.
Павлодар техникалық сервис колледжі 9 сынып базасында келесі мамандықтар бойынша оқытады:
- кең көлемді білдекте істейтін жұмысшы;
- фрезерлеуші;
- дәнекерлеуші;
- газбен кесуші;
- автомобиль жөндеу бойынша темір ұстасы;
-жүргізуші. Әрқашан барлық санат бойынша жүргізушілер курсы өткізіледі. Колледжде оқыту мерзімі 2 жыл 10 ай. Колледж жұмыс тәжірибесін қала мен облыстың ірі кәсіпорындарда жүргізіледі.
Екі оқу орнында да оқыту мемлекеттік және орыс тілінде, тегін өткізіледі, қаладан тыс келгендерге жатақхана ұсынылады.