8 «Б» сыныпта «Интернет – тәуелділік – ғасыр індеті» тақырыбында тренинг элементтерімен сабақ өткізілді
Республикалық ақпараттық кампания Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2017 жылдың 20 сәуірінде педагог-психолог Б.М.Гауриеваның ұйымдастыруымен 8 «Б» сыныпта «Интернет – тәуелділік – ғасыр індеті» тақырыбында тренинг элементтерімен сабақ өткізілді. Сабақ барысында балалар ақпараттық тәуелділікке байланысты жағдаяттар туғыза отырып, Интернет желісінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді шешу жолдарын ұсынды. Желі қолданушылардың Интернет әдебі ережелерімен танысты.