«Достық» үйінің концерт залында «Балауса» балалар шығармашылығы фестивалінің қорытынды гала-концерті өтті. Біздің мектеп фестивальдің барлық конкурстарында үш рет лауреат атанды. Біздің жұлдыздарымызды тағы да құттықтап қояйық:
Композициялық оқылым – Наурыз бен Гүлім (4 «а» сынып)
Жүргізушілер – Диана мен Жанар (9 «а» сынып)
Вокал – Анель (1 «1» сынып)
Және олардың жетекшілері: Қ.Н.Шанов, О.Ю.Ягала, Р.А.Искакова!!!
Барлық қатысушылар, жетекшілер және мектеп директоры Ажар Төкенқызы Текжанова мақтау қағаздарымен марапатталды.