«Сап және саптық ән» байқауы
4 мамыр күніҚазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығына және Ұлы жеңістің 72 жылдығына арналған, облыстық «Сап және саптық ән» байқауы өтті. Мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ыдырысов А.Ж Павлодар командасының топ жетекшісі болып, ІІ орынға ие болды. Сайысқа 15 команда қатысты. Мектебімізде де осы үлкен мерекелерге орай бірнеше іс-шаралар өткізіліп жатыр.