11 мамырда «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ-ында «Көптілділік орта: идеядан тәжірибеге» атты тақырыпта облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл іс-шараға біздің мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З.Б.Жаркенова да қатысты. Конференция барлығына да пайдалылығымен ерекшеленді, пленарлық бөлімнен кейін қатысушылар ашық сабақтар мен іс-шараларға қатысты. Мұндай іс-шаралардан кейінмұғалімдер мен оқушылардың істеген жұмыстарының нәтижесін көруге болады, олардың нәтижелері педагогикалық тәжірибені дамытады.