Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Мектеп асханасындағы дәмді түстік ас үшін рахмет!
Голосовать
Тағамдарыңыз өте дәмді - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Балдаурен" лагерінің ашылу салтанаты
01-06-2017 07:34

   Бүгін біздің мектебімізде жазғы мектеп жанындағы "Балдаурен" лагерінің ашылуына арналған тамаша мереке өткізілді. Таңертеңнен бері қарбалас: мектеп алаңында қуыршақтар жүгіріп жүр, өз флешмобтарын қыздар қайталап, жүргізушілер микрофондарын дайындап жатыр. Бүгін біздің мерекеміздің қызықты өтуінің бір себебі, біздің мейірімді досымыз және тәлімгеріміз Сейтжанов Абылай Рабаниович   ( қалалық мәслихатының депутаты, облыстық "Қазақтелеком"АҚ телекоммуникациясының бас директоры) келді.
 Құрметті және сүйікті мектеп директоры А.Т.Текжанованың барлық жұртшылыққа арналған мейірімді сөздері, балғын жемісті флешмоб, көңілді жүргізушілер, "Балауса- 2017" қалалық конкурстың жеңімпазы, республикалық "Бала Даусы" жобасының қатысушысы Жұмабаева Анельдің құйқылжыта салған әндері, жарқын «Күлегештер» хореографиялық ұжымының "Теңізші" биі, сәлемдесуі, лагерь бастығының құттықтауы мен мектеп жанындағы лагерь алауын дәстүрлі шығару салтанаты, бәрі-бәрі көрермендердің, әсіресе, балалардың көңілінен шықты. Біздің қонағымыз өз сөзінде өзінің балалық шағын сағынғанын, бір барып қайтқысы келетіндігін айтты. Әрине, бұл – барша ересек адамдардың арманы. Қонағымыздың арманы орындалды: жазғы ертегі кейіпкерлерімен бірге суретке түсті. Мереке өте жақсы, көңілді өтті. Қош келдіңіздер, біздің мектеп жанындағы "Балдаурен -2017" лагеріне. Сіздерді жаңа қызықты оқиғалар, қызықты ойын-сауық және ұмытылмас сәттер күтіп тұр! Бізде кереметтің бәрі болады !!! Келіңіздер !!!