Мектеп жанындағы лагерьде бүгін, яғни, 14 маусымда тамаша мереке – Нептун күні өтті. Мереке Нептундардың, су перісі, қарақшылар, су сайтаны сияқты ертегі кейіпкерлерінің шеруімен басталды. Балалар мен тәрбиешілер өз қиялдарын аяған жоқ, бір-біріне ұқсамайтын костюмдер ойлап тапты. Балалар тапқырлық пен жылдамдықты қажет ететін ойын, яғни, шелектегі суды стаканға құйып жарысты, сумен асфальтта сурет салып және тағы басқа ойын түрлерін өткізді.