Бүгін 1 «А» сынып оқушысы Иманалинов Әлиханның туған күні. Әлиханның ата-анасы балаларға тосын сый дайындады. Қызықты бағдарламасымен «Фиксики» мультфильмінің кейіпкерлерін шақырды. Симка мен Нолик ойындар өткізді. «Су асты тіршілігі» тобының балалары ойынға қызығушылықпен қатысты. Ойыннан кейін балаларды мерекелік дастархан тосып тұрды.