Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Алтын күз"
25-09-2017 05:50

Нашар ауа райы мен алғашқы қар 2017 жылдың 23 қыркүйегінде біздің жас туристерге Халықаралық туризм күніне орай ұйымдастырылған « Алтын күз» атты ірі туристік слет мерекесіне қатысуына кедергі болған жоқ. Жыл сайын дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе отырып, облыстық туризм федерациясы ең үлкен облыстық туристік "Алтын күз" слетін өткізеді. Слет облыстың түкпір-түкпірінен: Павлодар, Ақсу, Екібастұз және ауылдық аймақтардан келген балаларға кездесуге және туристік көпсайыста күш сынасуға мүмкіндік береді.
Бізді орман сары жапырақтары және алтын күздің әдемі көріністерімен қарсы алды. Біздің "Әлем" командасы бірінші бастады және келесі кезеңдер және сынақтардан өтті: "Өрмекші торы", "Сүйеніш", "Бөрене", "Өткел" және басқалар. Балаларға қатты ұнады. Спорттық жарыстардан басқа, алау отын жағу мен үлкен пикник жасауды үйрендік.
Спорттық сынақтардан да, нашар ауа райынан да қорықпай қатысқандарға рахметімізді айтамз.
1 Шаерман Кристина
2 Бондарь Кристина
3 Соболев Илья
4 Шаерман Вячеслав
5 Ермаков Дмитрий
6 Кусаинова Малика
7 Тукуев Ислам

Сондай-ақ ерекше алғысымызды жарыстың бас төрешісіне, Павлодар облысы бойынша альпинизм және құзға шығу Федерациясының Президенті Каримова Марина Райысқызына білдіреміз!!!