Біздің мектепте көп жылдан бері жоғары сынып оқушыларының "Жарқын болашақ" Кеңесі жұмыс істейді. Дәстүрлі жыл сайынғы мектеп Президенті сайлауы өткізілмек. Үш үміткер: Казен Дана (9а), Рахым Нұрым (8а), Сакиркин Михаил (9б) өз кандидаттығын ұсынды.
Балалар қыркүйек бойы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, сайлаушылардың қолын жинап және Министрліктер құрамын анықтады. Бүгін, яғни, 2017 жылы, 25 қыркүйекте сайлауалды комиссиясының қорытынды отырысы өтті. Үміткерлер ортаға шығып, сайлауалды сөздерін айтты және өздерінің "Мен және менің болашақ мектеп" бағдарламасы туралы пайымдауларын ортаға салды.
Сайлау 2017 жылдың 27 қыркүйегінде мектептің мәжіліс залында жасырын дауыс беру түрінде өтеді. Асыға күтеміз, біздің Президентіміз кім болмақ?