Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Кольцовскийді еске алуға арналған жарыс
02-10-2017 09:16
Кольцовскийді еске алуға арналған жарыс

Қазан айының алғашқы жексенбісі тек дүниежүзілік мұғалімдер күні емес, сонымен қатар, Павлодар облысындағы балалар мен жасөспірімдер туризмінің негізін салушылар Л.Н. Кольцов пен А.С. Кольцоваларды еске алу күні. Алевтина Сергеевна мен Леонид Николаевич Кольцовалар туризмді сонау кеңес үкіметі кезінде дамытуды бастаған, «Горизонт» туристік клубы Павлодар облысынан басқа аймақтарға атағы шыққан болатын. 1995 жылы Леонид Николаевич өмірден озды, бірнеше жыл бұрын Алевтина №сергеевна да көз жұмды, бірақ олар туралы жұрттың әлі есінде. Олардың ізбасарлары өздері жаттықтырушы бола тұра, БЖЭТО МҚКК қосымша білім беру педагогтары жыл сайын өздерінің ұстаздарын еске алуға арналған жарыстар өткізеді. Жарыстарда 10 жасар ұлдар мен қыздар, «40 жас және одан да жоғары» топтарға дейін он шақты спортшылар қатысты. Олардың әрқайсысы өздеріне күш, сонымен қатар, орасан сергектік, ал кейбіреуі үшін спорттық бағдарлау сүйікті ісіне айналуы мүмкін.
Біздің мектептен М-14 тобына қатысқан оқушылар: Илья Соболев (7 б), Шаерман Вячеслав (5); Ж-14 тобына қатысқандар – Шаерман Кристина (8 г), Бондарь Кристина (7 б). Біздің мұғалімдер мен жаттықтырушыларымыз Бовина О. Н. және Умиров Р. М. да " Элита"тобында қатысты. Бовина О. Н. үшінші орынға ие болды, мадақтамамен және медальмен марапатталды.
Жарысты ұйымдастырушыларға және біздің жас спортшыларға белсене қатысқаны үшін алғыс білдіргім келеді!!!