2017 жылдың 12 қыркүйегінде Қостанай қаласында «Өлкетану – кіші Отан кеңістігінде патриотизмнің рухани негіздеріне тәрбиелеу факторы ретінде» атты халықаралық форум өтті. Форум мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тұжырымдамалық негізінде өлкетану зерттеулерінің және тәжірибелік даму деңгейін көтеру. Форумды ұйымдастырушылар – Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ, Қостанай облысы әкімдігінің «Ішкі саясат басқармасы» ММ, Қостанай облысы әкімдігінің «Мәдениет басқармасы» ММ және «Қостанай облысы білім басқармасы» ММ.
"Тарихи және мұражайлық өлкетану –ұлттық бірегейліктің сұлбасы" атты секциялық отырыста «Сен өмір сүрген өлке» атты қосымша білім беру бағдарламасы мысалында «Экология және туризмнің балалар иен жасөспірімдер орталығы» МКҚК жұмысының оң жұмыс тәжірибесі жалпылама деңгейде ұсынылды.
Баяндама форум қатысушыларының қызығушылығын тудырды, осыған байланысты біз туристік-өлкетану қызметі бағытында ынтымақтастықты кеңейтеміз деп ойлаймыз.
Форум көп нәрсеге басты назар аударды, оның ішінде «бүгінгі өлкетану – бұл жеке іс-шаралар емес, ол білім беру бағдарламалары ойластырған жобалар, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал ететін жүйелі ғылыми зерттеулерге ерекше назар аударды.