«Балаға мейірімді Қазақстан»
Дүниежүзілік Бала күнін мерекелеу шеңберінде 2017 жылғы 20 - 21 қарашада Астана қаласында «Балаға мейірімді Қазақстан» халықаралық конференция және республикалық форум-фестивалі өткізілді. Фестивальге №30 ЖОМ 8 "В" оқушысы, халықаралық және республикалық конкурстарының жеңімпазы Новосельцев Роман қатысты. Қорытынды гала-концертте Романның шырқауындағы ән ең бір жарқын нөмірлердің бірі болды.