Құттықтаймыз!
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, 2017 жылғы 7, 8 желтоқсан айында №16 лицей-мектебінде жалпы білім беру пәндері бойынша Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің 8 - 11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасы өткізілді. Біздің мектебімізден 8 «А» сынып оқушысы Рақым Нұрым қазақ тілі пәнінен және 9 «А» сынып оқушысы Ажар Қаирова Қазақстан тарихы пәнінен 1-ші жүлделі орындарына ие болды. Оқушыларды дайындалған қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, біздің мектеп директорымыз – Текжанова Ажар Төкенқызы және тарих мұғалімі Накупова Бақыт Борашқызы. Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!