Мектеп "Адал Ұрпақ" ерікті клубы жұмыс істейді. Өзінің қызметін клуб " Мектепте жастарға рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті орта қалыптастыру" бағдарламасына сүйене өткізеді. Осы Бағдарламаның мақсаты мектепте адамгершілігі жоғары, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азамат және патриотты қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.
3. Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттер қойылады:
1) рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиені іске асыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу;
2), білім алушыларды мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайту;
3) саяси-құқықтық білімді қалыптастыру;
4) білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.
4. Кешенді іс-шаралар жүргізу үшін тәрбиелеудің мынадай түрлері қолданылады:
1) адамгершілік тәрбие моральдық-этикалық қалыптастыруға, әр оқушының сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған;
2) әлеуметтік-құқықтық тәрбие азамат және мемлекет арасындағы қарым-қатынас мәнін түсінуге бағытталған, құқықтары мен міндеттері туралы білімі, құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігіне сендіру, сыбайлас жемқорлық қоғамдық қауіп екенін түсіндіру;
3) эстетикалық тәрбиелеу, оқушылардың сұлулықты, өнер, әдебиетті түсіну, оқушылардың эстетикалық талғамын, өзін қоршаған шындыққа мейірімді және патриоттық қарым-қатынас орнатуға бағытталған.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!!!