Телефон доверия
8(7182)332662 87472724175
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 город Павлодар ул.Баян Батыра 27
директор: 8(7182)332660 приемная: 8(7182)332662
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Ежедневно 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бәрі де жүректен бастау алады»
16-02-2018 12:36
«Бәрі де жүректен бастау алады»

2018 жылдың 1-12 ақпан аралығында «Жүректен жүрекке» тақырыбында өзін-өзі тану пәні бойынша мектебімізде апталық өтті. Апталықтың алғашқы күні барлық оқушылар мен мұғалімдер жоспармен хабардар болып, бастауыш сынып арасында «Бәрі де жүректен бастау алады» деген тақырыпта ашылу салтанаты болды.
Сара Алпысқызының туған күніне байланысты мәнерлеп өлеңдер оқып, әндер айтылды.
Мектепшілік шара бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен өткен көңілді флешмоб биімен жалғасын тапты.

7 ақпан күні «Мен сүйемін бұл өмірді» деген тақырыпта 5-9 сынып арасында кітапханамызда оқушылар эссе жазды. Олар эссе жазу арқылы өздерінің туған жеріне, еліне, өмірге деген сүйіспеншіліктерін жеткізе білді.
Ал апталықтын қорытындысы ретінде мектебіміздегі көп балалы және аз қамтылған отбасылар оқушыларына «Қамқорлық акциясы» бойынша мектеп тарапынан көмек көрсетілді.