ӘЛЕМ МИКРОСКОППЕН
Бүгін мектебіміздің 5 "в" және 7 "б" сынып оқушылары бізді қоршап тұрған микроәлеммен танысты. Алдымен микроскоптың құрылысымен, содан кейін оны баптауды үйренді. Және бұдан әрі пияз қабықшасымен, құрылымымен, бізді қоршап тұрған микроорганизмдер құрылысымен танысты. Балалар үшін микроскоппен қарағанда, аралардың аяқтары немесе шіркейдің мұрны қалай болып көрінетіндігі өте қызықты болды. Барлығына зерттеушілер болу уақытша болса да, өте ұнады!