Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)332662 87472724175
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 город Павлодар ул.Баян Батыра 27
директор: 8(7182)332660 приемная: 8(7182)332662
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Ежедневно 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Көңілді қыс мезгілі
10-03-2018 11:39
Көңілді қыс мезгілі

Табиғаттың әр мезгілі ерекше болатыны барлығымызға сөзсіз мәлім. Әр мезгілге тән өзінің қызығы мен серуені бар. Осының ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, сарышұнақ аязымен, ызғарлы ақ боранымен ерекше.
Қара жердің ақ ұлпа үлпілдеген қар айналамызға, қаламызға сән береді. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні сөзсіз мәлім.
Қолдарына шана, сырғанақтарын алған балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы қыстың қаһарлы, аязды суықты емес, оның жылы сәулесін алғандай қуанады.
Дәл осындай ұмытылмас есте қалар қуанышты сәтті Павлодар қаласының № 30 жалпы орта білім беру мектебінің 2 «А» сыныбының ата-аналары ұйымдастырып еді. Қаламыздың тұрғындарының сүйікті демалыс орны «Жасыл желекке» барып, естен кетпестей демалып қайттық. балалар қолдарына сырғанақтарын алып биік жотадан төменге сырғып түсу қандай керемет. Балалар осы демалыстың арқасында бір-біріне ерекше бауыр басып, достығымыз нығая түсті. Ата –ана үшін баласының сыңғырлаған күлкісінің дауысын естігенге не жетсін!
Сөз соңында осындай демалысты балаларға ұйымдастырған ата –аналарға рахмет айтмын.