Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
16-05-2018 08:46
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

15 мамыр 2018 жылы сағат 18:30 мәжіліс залда «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бойынша мемлекеттік білім беру саясатын талқылауға ата-аналарды тарту.
Күн тәртібінде:
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру – тәрбие негізі;
- 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау;
- Оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы;
- Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысы;
- Оқу процесін цифрландыру;
- Оқулықтарды әзірлеу және 100 үздік оқулықты аудару мәселелері.
Біздің жиналысымызға "Сарыарқа самалы" газетінің бас редакторы, "Рухани жаңғыру" жобасының «Ақпарат толқыны» бағдарламасының менеджері , жұмыс тобының жетекшісі  Жайықбаев Нұрбол Қанатбекұлы келіп қатысты. Нұрбол Қанатбековұлы ата-аналар алдында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қоғамдық сананың даму жайында баяндама жасады.