15 мамыр 2018 жылы сағат 18:30 мәжіліс залда «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бойынша мемлекеттік білім беру саясатын талқылауға ата-аналарды тарту.
Күн тәртібінде:
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру – тәрбие негізі;
- 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау;
- Оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы;
- Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысы;
- Оқу процесін цифрландыру;
- Оқулықтарды әзірлеу және 100 үздік оқулықты аудару мәселелері.
Біздің жиналысымызға "Сарыарқа самалы" газетінің бас редакторы, "Рухани жаңғыру" жобасының «Ақпарат толқыны» бағдарламасының менеджері , жұмыс тобының жетекшісі Жайықбаев Нұрбол Қанатбекұлы келіп қатысты. Нұрбол Қанатбековұлы ата-аналар алдында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қоғамдық сананың даму жайында баяндама жасады.
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ